үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Молдова энергетика саласындағы әріптестікті дамытуды жалғастыруда

Қазақстан мен Молдова энергетика саласындағы әріптестікті дамытуды жалғастыруда

0

313 Арман

Ү.ж. 4 мамырда Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Энергетика министрі Виктор Парликовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде энергетика саласындағы мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстандағы саяси, демократиялық және конституциялық реформалар, экономикалық басымдықтар, инвестициялық ынтымақтастық және ҚР-дың Молдовамен әріптестігіне маңызды мән берілетін Еуропа елдерімен өзара іс-қимылы туралы хабардар етті.

В.Парликов Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді оң атап өтті және қазіргі таңда іске қосылмаған әлеуеті бар энергетика секторындағы әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады. Сондай-ақ ол өзі басқаратын ведомствоның басымдықтарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Тараптар Молдовада іске асырылып жатқан екіжақты жобаларға, атап айтқанда, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Middle Corridor) ілгерілету, энергия ресурстарын өзара жеткізуді жолға салу, сондай-ақ отын-энергетика және логистика саласындағы жобаларға ерекше назар аударды.

Энергетика секторындағы сындарлы диалогты жалғастыруға Тараптар мүдделілігін растады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version