үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Үндістан көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Үндістан көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

0

247 rob

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Үндістан Республикасының Елшісі Шубдаршини Трипатимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ көпжақты бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде ҚР-дың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте төрағалығы және Үндістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен «Үлкен жиырмалыққа» (G20) ағымдағы төрағалығы аясында пікір алмасты.

Кездесу барысында 2023 жылы жоғарғы және жоғары деңгейлердегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесі қаралды.

Қ. Тумыш екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық-технологиялық ынтымақтастықты, сондай-ақ денсаулық сақтау, фармацевтика, энергетика және ақпараттық технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 22,4%-ға өсіп, 2,5 млрд АҚШ долларға жеткен екіжақты тауар айналымының оң динамикасы қанағатпен атап өтілді.

Дипломаттар 2023 жылғы ақпан айында Қ. Тумыштың Нью-Делиде жұмыс сапарының шеңберінде СІМаралық консультациялар және Үндістан СІМ басшылығымен өтетін бірқатар екіжақты кездесулер күн тәртібіне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі бағыттардың барлық спектрі бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыстарды қолдауға келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version