үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Нидерланды: жылыжай шаруашылығындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Нидерланды: жылыжай шаруашылығындағы ынтымақтастық

12
0

251 Арман

Қазақстан мен Нидерланды: жылыжай шаруашылығындағы ынтымақтастық

Нидерландтан келген іскерлік делегация Алматы облысына барды. Сапар Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі мен «Kazakh Invest» АҚ қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында Қазақстанға Вестланд муниципалитетінің мэрі Бауке Арендс бастаған 20-дан астам нидерландтық бизнес өкілдері келді. Ұсынылған кәсіпорындардың арасында көптеген сала жетекшілері болды, соның ішінде «Koppert», «Grodan» және «Dutch greenhouse Delta»компаниялары қатысты. Сапар аясында делегация жергілікті билік органдарымен және бизнеспен жылыжай технологиялары бойынша тәжірибе алмасу перспективаларын талқылау үшін Алматы облысына келді.

Мэр Бауке Арендс облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Жеке әңгімеде олар Қазақстан мен Нидерландтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірудегі ынтымақтастығының әлеуетін талқылады. Сонымен қатар, әкім мен нидерландтық делегация өңірдің жылыжайларына экскурсияға шақырылып, Қазақстанда енгізіліп жатқан технологиялардың соңғы жетістіктерімен танысты.

Қазақстан мен Нидерланды: жылыжай шаруашылығындағы ынтымақтастық

Тараптар жылыжайларға арналған технологияларды әзірлеу саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісті. Елдер арасындағы ортақ кәсіпорындар Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қоса алады. Өз кезегінде Нидерланд Қазақстан ұсынатын логистикалық мүмкіндіктер мен ауқымды ресурстардан пайда көре алады.

Бұл кездесу екі ел арасындағы, әсіресе ауылшаруашылық секторындағы экономикалық қатынастардың нығаюына ықпал етті. Инвестициялық іс-шаралар нәтижелі келіссөздер жүргізуге және берік серіктестік қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Источник: dknews.kz