үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында БАҚ саласындағы ынтымақтастық тереңдей түсуде

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында БАҚ саласындағы ынтымақтастық тереңдей түсуде

0

873 rob

Онлайн режимде екі елдің жетекші ағылшын тілді бұқаралық ақпарат құралдары – «The Korea Times» және «The Astana Times» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, «The Korea Times» басылымының президенті О Ёнг Джин және «The Astana Times» басылымының бас редакторы Жанна Шаяхметова қатысты.

Б. Дүйсенбаев құттықтау сөзінде екі басылымның өз елдеріндегі ең ірі ағылшын тілді БАҚ өкілдері болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол аталған тарихи оқиға екі ел арасында БАҚ саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтады деген үмітін білдірді.

Оңтүстік Кореяның «The Korea Times» басылымы 1950 жылы 1 қарашада құрылды. Бұл Корея Республикасындағы ең көне, тәуелсіз және ең ірі ағылшын тілді күнделікті газеті болып табылады. Басылымның мақалалары АҚШ, Жапония және Сингапурды қоса алғанда, әлемнің бес еліндегі алты жаңалықтар порталына жеткізіледі, сондай-ақ, оның мақалаларын «BBC», «CNN», «Time», «The New York Times», «The Guardian» және т.б. әлемдік жаңалықтар басылымдары қолданады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version