үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде

13
0

426 Арман

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде

2023 жылғы 13-14 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Делегация құрамына Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «СК-Фармация» өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтар өкілдері кірді.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде

Сапар аясында қазақстандық делегация «KIA», «SK», «Doosan», «KIGAM», «GL Rapha», «Youngsan», «OFE», «Dongil»«Motrex», «SsangYong», «Hi Air Korea» сияқты жетекші кореялық компаниялардың басшылығымен кездесті. Кездесулер барысында машина жасау, фармацевтика, ТМК, энергетика және құрылыс сияқты салаларда іске асырылып жатқан және келешегі бар бірлескен жобалар талқыланды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $6 млрд-тан асты, ал Кореядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) көлемі 2022 жылы шамамен $1,5 млрд болды, бұл Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық қатынастардың тарихында рекордтық көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар Корея Республикасының сауда, индустрия және энергетика министрі Ли Чханг Янгпен кездесу өтті. Әңгіме барысында Қазақстан-Корея екіжақты экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның Оңтүстік Кореяның капиталы мен технологияларын тартуға қызығушылығы жоғары екені атап өтілді.

«Экономикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары – энергетика, ТМК, машина жасау, электр техникасы, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік инфрақұрылымы, білім беру және туризм. Бізді Оңтүстік Кореяның электронды өнеркәсіп, машина жасау, жаңартылатын энергия көздері және “жасыл” экономика салаларын дамытудағы озық тәжірибесі қызықтырады. Оңтүстік Кореяның бірқатар компаниясы қазірдің өзінде біздің елімізде энергетика, инфрақұрылым және басқа да салалар бойынша жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуда» Роман Скляр

Жұмыс сапары аясында ынтымақтастық туралы бірқатар бірлескен құжатқа қол қойылды, оның ішінде «Vehicles Almaty» ЖШС-мен «Youngsan Corporation» компаниясының өнімдерін локализациялау, оңтүстік кореялық «Motrex» және қазақстандық «Сar Wagon Wheels» компанияларымен бірлесіп мультимедиалық құрылғылар шығару жөніндегі келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуде

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Kia Corporation президенті және CEO-сы Хо Сун Сон мырзаның арасында Қазақстан Республикасының автомобиль жасау өндірісін бірлесіп дамыту, локализациялауды тереңдету және инженер кадрларды оқыту туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 500-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасында жалпы сомасы $4,5 млрд болатын 58 бірлескен инвестициялық жоба бар.

Источник: dknews.kz