үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті

Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті

0

698 Арман

Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды қолдау министрі Қайс әл-Юсефпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстан елордасында өтетін Астана халықаралық форумға шақыру хаты табысталып, көзделіп отырған іс-шараның маңыздылығы мен күн тәртібі талқыланды. Қ. әл-Юсеф шақыру хатты ризашылықпен қабылдап, аталған форумға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды кеңейту қажеттілігін талқылады. Атап айтқанда, құрылып отырған үкіметаралық комиссия шеңберінде екі елдің мүдделі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдары қарастырылды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version