үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастық перспективалары

Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастық перспективалары

10
0

380 Арман

Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастық перспективалары

Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы көктемгі сессиясы аясында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар қаржы, энергетика, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, құрылыс, сондай-ақ туризм және жаңа технологияларды дамыту салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту жоспарларын талқылады.

Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастық перспективалары

Ә.Қуантыров атап өткендей, екі ел арасындағы экономикалық қатынастар жылдан жылға күшейіп келеді. Бүгінде Қазақстанда швейцариялық бизнестің қатысуымен 310-нан астам компания табысты жұмыс істеп, Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларының дамуына елеулі үлес қосуда.

«Швейцария — Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі. Соңғы 17 жылда $32 млрд. асатын инвестиция құйып, біздің экономикамыздағы ең ірі халықаралық инвесторлардың үштігіне кіреді» Әлібек Қуантыров

Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастық перспективалары

Өз кезегінде И.Кассис мырза 2023 жылдың жазында Қазақстанға жұмыс сапары барысында әріптестік мәселелерін жан-жақты талқылауға дайын екенін атап өтті.

Источник: dknews.kz