үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Түркия кеңейтілген стратегиялық әріптестік шеңберіндегі өзара ықпалдастықты белсендетуде

Қазақстан мен Түркия кеңейтілген стратегиялық әріптестік шеңберіндегі өзара ықпалдастықты белсендетуде

0

464 Awrora

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Түркия Республикасының Елшісі Уфук Екиджимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбаттастар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Қ. Тумыш қазақ-түрік ынтымақтастығының жоғары деңгейі мен үлгілі сипатын атап өтіп, екіжақты әрі көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ТМҰ, ИЫҰ, АӨСШК және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

Бүгінде Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда әріпстестері мен 10 инвестор-мемлекеттері қатарына кіреді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 6,3 млрд АҚШ доллардан асып түсті. Түрік инвесторлары құрылыс, мұнай-газ, медицина салалары, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсібіндегі Қазақстанның өндірістік мүмкіндіктерін дамытуға қомақты үлесін қосуда.

Түркия Елшісі екі ел арасындағы жан-жақты кешенді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Анкараның дайындығын құптады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version