255 rob
Фотосурет: ҚР ҚХР дағы Елшілігі
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолғабысымен Қытай Халық Республикасының нарығында туристік әлеуетті ілгерілету мақсатында қазақстандық туристік саланың өкілдері Қытайдың «China Outbound Travel&Tourism 2023» (COTTM) ірі халықаралық туризм көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық стендтің негізгі ұйымдастырушылары «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ және Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм басқармалары болып табылады. Қазақстанды еліміздің түрлі облыстарынан келген 25 жетекші туристік компания таныстырды.
Қазақстандық стенд көрмеге келушілердің назарын қазақ батырларымен, домбыра мен қобыздағы күйлердің шебер орындалуымен аударды. Сондай-ақ, келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.
Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының уағдаластықтарын, сондай-ақ екі ел арасында 30 күндік мерзімге визасыз режим енгізілгенін ескере отырып, бұл іс-шара 2024 жылы «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылына» дайындық шеңберінде маңызды мәнге ие.
COTTM – Мысыр, Сауд Арабиясы, Филиппин, Таиланд және т. б. сияқты туристік әлеуеті жоғары елдер қатысатын жыл сайынғы ауқымды халықаралық туристік көрмелердің бірі болып табылады.
«еQonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 2023 ж. 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанға 84 мыңнан астам қытайлық туристер келді.
Источник: dknews.kz