үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай бірлескен мультимодальды контейнерлік сервистерді дамытуда

Қазақстан мен Қытай бірлескен мультимодальды контейнерлік сервистерді дамытуда

23
0

424 Арман

Қазақстан мен Қытай бірлескен мультимодальды контейнерлік сервистерді дамытуда

ҚТЖ және Shandong Port Group контейнерлік сервистер мен цифрлық өнімдерді бірлесіп дамыту туралы уағдаласты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР ірі порт операторы Шаньдун порт тобы (Shandong Port Group, SPG) қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде мультимодальды контейнерлік сервистер мен цифрлық өнімдерді бірлесіп дамытатын болады.

Құжатта цифрлық көлік-логистикалық сервистерді, порт және терминалдық қызметтерді дамыту, сондай-ақ теңіз тасымалдарын, оның ішінде Каспий және Қара теңізіндегі теңіз буынын дамыту саласындағы ынтымақтастық көзделген.

Бұдан басқа, тараптар тұрақты контейнерлік сервистерді құру үшін Қазақстан арқылы маршруттарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын бірлесіп пайдалану мүмкіндігін зерделейді.

Кездесу аясында қатысушыларға Қытай, Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО және Таяу Шығыс елдерінің сауда логистикасын байланыстыратын Алматы агломерациясындағы сауда — логикалық хаб-жобаның тұжырымдамасы таныстырылды.

Шаньдун порттық тобы 2019 жылдың тамызында Шаньдун провинциясының негізгі порттарын: Циндао, Жижао, Янтай және Бохай шығанағы порттары тобын біріктіру арқылы құрылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша топ терминалдарының өткізу қабілеті 1,6 млрд тоннаға жетіп, контейнерлерді ауыстырып тиеу қуаты 37 млн TEU асты. Штабпәтері Циндаода орналасқан, топ қызметкерлерінің саны 60 мыңнан асады.

Источник: dknews.kz