4499
Фотосурет: Gov
2024 жылғы 28 қараша Астанада Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Жэнь Цзиндун, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, мұнай және газ, сондай-ақ атом энергиясы сияқты энергетиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов екі Мемлекет басшыларының басшылығымен Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі, оның ішінде энергетика саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтті.
«Біздің энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы табысты өзара іс-қимылдың жарқын мысалы болып табылады. Бұл екі елдің тұрақты дамуына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді» ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов
Қазіргі уақытта Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында 26 жоба іске асырылуда, олардың жиынтық қуаты 1140,85 МВт құрайды.
«МАЭК» ЖШС алаңында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалар талқыланды.
Мұнай тасымалы саласында Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, газ саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстан аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, «Орталық Азия – Қытай» газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ экспорттауды жалғастыруда. Қазақстан Түркіменстан мен Өзбекстаннан ҚХР-ға газ транзитінде де маңызды рөл атқарады.
Тараптар сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, мүмкіндік ҚХР аумағы арқылы үшінші елдерге табиғи уран транзитін кеңейту перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап Қытай тарапының «Қытай – Орталық Азия» энергетикалық ынтымақтастық форумын өткізу жөніндегі бастамасын құптады.
Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылы ҚХР аумағында Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитеттің 14-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Источник: dknews.kz