үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Қытай газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

20
0

886 Арман

Қазақстан мен Қытай газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов CNPC компаниясының Пекинде (ҚХР) орналасқан бас кеңсесіне барды. Кездесуге CNPC, TapLine және PetroChina International компанияларының басшылары да қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар келесі бағыттар бойынша серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады:

  • Қазақстандағы газ активтерін геологиялық барлау;
  • «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының екінші тармағы;
  • Өңдеу қуаттылығы жылына 4 млрд текше метрді құрайтын Қашағандағы екінші газ өңдеу зауытының құрылысы;
  • Қытайға газ экспорты мәселесі.

Санжар Жаркешов серіктестерге ұзақ жылдар бойы бірлескен ынтамақтастық үшін алғыс білдірді.

«QazaqGaz және CNPC – соңғы жылдары елімізде көптеген мегажобаларды іске асырған стратегиялық серіктестер. Осындай сәтті нәтижелер негізінде, өңірлік масштабтағы жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асырамыз деген сенімдемін» Санжар Жаркешов

Бұдан басқа, QazaqGaz басшысы CNPC компаниясының геологиялық барлау мен өңдеуге арналған ғылыми-зерттеу институтына барып қайтты. Кездесу аясында Санжар Жаркешов орталықтың қызметімен танысып, Қазақстанның геологиялық барлау бағыты туралы ақпарат берді.

«CNPС-дің ғылыми-зерттеу институтын біздің технологиялық серіктес ретінде қарастырып жатырмыз. CNPC-мен бірлесіп, Қазақстанның дәстүрлі емес су қоймалары, жерасты газ қоймалары мен газ тасымалдау жүйесін модернизациялауда өзіміздің «QazaqGaz ҒТО» ғылыми техникалық орталығымыздың құзыретін арттыра аламыз» Санжар Жаркешов

Айта кетейік, бұған дейін QazaqGaz ұлттық компаниясы ғылыми-техникалық орталық құру және ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға басымдық беретінін хабарлаған болатын.

Источник: dknews.kz