үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

Қазақстан мен Қытай стратегиялық әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда

0

848 Арман

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты рәсім шеңберіндегі қысқаша әңгімелесу барысында ҚХР Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы сәлемін жеткізді. Қытай басшысы Елшіге екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мақсатындағы еңбегіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Ш. Нұрышев Мемлекет басшысының ізгі тілектерін жеткізе отырып, Қазақстанның Елшісі лауазымында екіжақты стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version