үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Қытай: студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер

Қазақстан мен Қытай: студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер

46
0

1573 Арман

Қазақстан мен Қытай: студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев ҚХР Солтүстік-батыс политехникалық университеті (CБПУ) Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің директоры Джанг Фулимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүздесуде ректор ҚазҰУ-дың Қытай университеттерімен табысты ынтымақтастық байланыстарына тоқталып, оқу ордасының ғылыми-білім беру саласындағы жұмысының бағыттары мен жетістіктерін таныстырды.

Қазақстан мен Қытай: студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер

ҚазҰУ бүгінде Қытайдың көптеген жетекші университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олардың ішінде Бейжің, Ланьчжоу, Шыңжаң, Шанхай және басқа да университеттер бар.

Бүгінде университетте Конфуций институты, шығыстану факультеті және Қытайтану кафедрасы жұмыс істейді.

Өз кезегінде ҚХР Солтүстік-батыс политехникалық университеті Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің директоры Джанг Фули ҚазҰУ басшылығына алғыс білдіріп, 1938 жылы құрылған көпсалалы мемлекеттік университеттің құрылымы мен қызметі туралы айтып берді. Университет авиация, аэроғарыш және инженерлік салаларға маманданған.

Қазақстан мен Қытай: студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер

Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Қытай: студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер

Джанг Фули алдағы уақытта жаңа бағыттағы келісімдер орнатуға дайын екенін жеткізді.

Источник: dknews.kz