үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Өзбекстан бұқаралық спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Өзбекстан бұқаралық спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

20
0

133 Awrora

Қазақстан мен Өзбекстан бұқаралық спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстанның спорт министрі Адхам Икрамовпен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талқылаудың негізгі тақырыбы бұқаралық спортты дамыту және кәсіби спорт үшін базаны дайындау болды.

Министр Қазақстан Елшісін дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту үшін қабылданған шаралар туралы ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ Өзбекстандағы ауданнан республикалық ауқымға дейінгі спортшылар мен жаттықтырушылар үшін жасалған мүмкіндіктер туралы хабардар етті.

Өзбек делегациясының 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына және 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің спорт және мәдениет министрлерінің VIII отырысына қатысуы талқыланды.

Тараптар ортақ тарихи және мәдени байланысы бар ұлттық спорт түрлерін дәріптеу қажеттігін атап өтті.

Источник: dknews.kz