үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Өзбекстан жаңа жобаларға дайын

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа жобаларға дайын

61
0

464 Арман

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа жобаларға дайын

Әлихан Смайылов Ташкентте Өзбекстан Президентімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жұма, 5 мамырда, Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кездесті.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы екіжақты қарым-қатынас сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Атап айтқанда, жоғары деңгейде өткен соңғы келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру – екі ел Үкіметтерінің ерекше бақылауында.

Сонымен қатар Премьер-Министр Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы туралы хабардар етті, онда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, экология, транзиттік-көлік саласындағы және т.б. өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Өзара саудадағы тауарлар номенклатурасын кеңейту, жаңа инвестициялық және кооперациялық жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа жобаларға дайын

Қазақ-өзбек шекарасында екі елдің өнеркәсіп саласындағы тиімді өзара іс-қимылына серпін беретін «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі елдің үкіметтері белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігі айтылды.

Источник: dknews.kz