үй Әлем жаңалықтары Қазақстан-Молдова консулдық саладағы консультациялары туралы

Қазақстан-Молдова консулдық саладағы консультациялары туралы

18
0

284 rob

Қазақстан-Молдова консулдық саладағы консультациялары туралы

Бейнеконференц-байланыс форматында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Молдова Республикасының Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрлігі арасында Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбековтың және екі елдің мүдделі органдарының қатысуымен консулдық саладағы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Делегацияларды Қазақстан мен Молдованың сыртқы саяси ведомстволары консулдық қызметтердің басшылары Бауыржан Ақатаев және Василе Миркос басқарды.

Қазақстан-Молдова консулдық саладағы консультациялары туралы

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы консулдық-құқықтық және басқа да салаларда тәжірибемен алмасып, екіжақты шарт-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарап Молдова тарапын Астана халықаралық қаржы орталығының негізіндегі «AIFC Multipass» жеңілдетілген визалық режимі жобасын іске асыруға атсалысуға шақырды.

Консультациялардың қорытындылары бойынша тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерітуге дайындығын растап, консультацияларды тұрақты негізде өткізуге келісті.

Источник: dknews.kz