үй Әлем жаңалықтары Қазақстан «Орталық Азия – Үндістан» диалогы шеңберіндегі Ауғанстан бойынша бірлескен жұмыс тобының...

Қазақстан «Орталық Азия – Үндістан» диалогы шеңберіндегі Ауғанстан бойынша бірлескен жұмыс тобының бірінші кездесуіне қатысты

0

876 rob

Үндістан астанасында аға лауазымды тұлғалардың қатысуымен «Орталық Азия – Үндістан» Диалогы шеңберіндегі Ауғанстан бойынша Бірлескен жұмыс тобының бірінші кездесуі өтті. Іс-шараға сондай-ақ БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының және БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері шақырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық делегацияны басқарған Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев өз сөзінде Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан практикалық үлесі туралы хабардар етті.

Қатысушылар Ауғанстан төңірегіндегі жағдайдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Ауған бағыты бойынша белсенді өзара іс-қимылға және бірлескен тәсілдер әзірлеуге ортақ міндеттеме айтылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Ауғанстандағы жағдайды реттеу ісінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын, сондай-ақ бүкіл өңірдің мүддесі үшін, ең алдымен гуманитарлық көмек жеткізу, ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу мақсатында ауған халқына практикалық жәрдем көрсету мәселесінде халықаралық консенсустың қажеттілігі аталып өтетін Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version