үй Әлем жаңалықтары Қазақстан пәкістандық кәсіпкерлерге инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады

Қазақстан пәкістандық кәсіпкерлерге инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады

19
0

76 Арман

Қазақстан пәкістандық кәсіпкерлерге инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Файсалабад қаласының Іскер әйелдер сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Нигат Шахид ханым бастаған делегацияны қабылдады.  Кездесу барысында Елші Қазақстанда бизнес жүргізудің іскерлік мүмкіндіктері мен еліміздің өңірлік хаб ретіндегі артықшылықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ, тараптар жеңіл өнеркәсіптегі ынтымақтастық және екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыс орнату перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Пәкістан делегациясының 2023 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан пәкістандық кәсіпкерлерге инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады

Источник: dknews.kz