213 Awrora
Фотосурет: Gov
Бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанды. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл).
Бұл Қазақстан атлеттерінің су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғаншы алтын медалі. Бірінші жүлдені былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатында техникалық бағдарламада Эдуард Ким (қола медаль) жеңіп алған.
Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.
Эдуард пен Наргиза алдағы күндері Қазақстан қоржынын тағы бір жүлдемен толықтыра алады. Ол үшін еркін бағдарламада осы қарқынынан таймауы керек.
Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтынмен 5-орынға көтерілді. Көш басында Қытай тұр. Қазір Қатарда 17 мемлекет жүлдеге ие болды.
Әлем чемпионатындағы бұған дейінгі ең үздік көрсеткіштеріміз:
🥉2023 жыл. Әртістік жүзу. Техникалық бағдарлама. Эдуард Ким
2015 жыл. 100 метрге брасс әдісімен жүзу. 4-орын (77 қатысушы). Дмитрий Баландин
200 метрге брасс әдісімен жүзу. 6-орын (52 қатысушы). Дмитрий Баландин
2019 жыл. 100 метрге брасс әдісімен жүзу. 7-орын (87 қатысушы). Дмитрий Баландин
2019 жыл. 200 метрге брасс әдісімен жүзу. 7-орын (52 қатысушы). Дмитрий Баландин
2017 жыл. 25 шақырымға жүзу. 7-орын (25 қатысушы). Виталий Худяков.
Источник: dknews.kz