үй Әлем жаңалықтары Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Пәкістан Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Пәкістан Елшісімен кездесу өтті

0

328 rob

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Саджад Ахмед Сихармен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, екі елдің халықаралық алаңдардағы, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында Елшіге Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version