үй Әлем жаңалықтары Қазақстан СІМ-де Әзербайжанмен көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Әзербайжанмен көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

0

441 Awrora

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және т.б. ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version