үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

0

269 Awrora

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді. Көмек Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде берілетін болады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 млн теңгеден астам сома бөлінеді. Бұл туралы брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары түріндегі көмек Қазақстан Республикасы арнайы әуе кемелермен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізілетін болады. Бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылығы Қазақстанның Ливандағы Елшілігі мен Қазақстанның Сириядағы консулдығының көмегімен Алеппо қаласында Сирияның уәкілетті өкілдеріне гуманитарлық жүкті тапсырады»  Айбек Смадияров 

Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version