үй Әлем жаңалықтары Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

18
0

2079 Awrora

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Фотосурет: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін Алматы қаласында ТМД елдерінің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің (СТОБҮК) 23-отырысы өтті.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Отырысқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның салықтық (қаржылық) тергеу органдарының басшылары қатысты.

Сонымен қатар жиынға ТМД Атқарушы комитетінің Бас хатшысының орынбасары Сейітімов Нұрлан Мұсатаевичтың басшылығымен делегация да қатысты.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Жиынды Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элиманов ашты.

СТОБҮК отырысында төрағалықтың Беларусьтен Қазақстанға ауысатыны жарияланды.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Кеңес төрағасы болып ҚР ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов, ал тең төрағалар ретінде Салықтық (қаржылық) тергеу органдарының басшылары Беларусь Республикасынан Андрей Самбук пен Армения Республикасынан Ваан Чархифалакян сайланды.

Қатысушылар ТМД мемлекеттерінің салықтық тергеу органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын талқылады.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Басқосуда ведомствоаралық өзара іс-қимыл механизмдері және экономикалық құқық бұзушылықтармен, соның ішінде заңсыз ақша айналымы, заңсыз ойын бизнесімен күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.

Делегация басшылары цифрлық активтерді, криптовалюталарды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарға, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға және дропперлерге қарсы күрес бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Кеңес мүшелері үшін күн тәртібіндегі ерекше мәселе экстремизм мен терроризмді қаржыландыруға байланысты қылмыстармен күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды және ынтымақтастықты талқылау болды.

Сонымен қатар, тараптар Кеңеске қатысушы елдердегі кадрлық қызметкерлердің білімін және кәсіби дағдыларын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Жаңадан сайланған төраға Қайрат Бижанов Қазақстан Кеңес алдына қойылған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін салатынын және ынтымақтастықтың басым бағыттарын барынша тиімді жүзеге асыруға ұмтылатынынын атап өтті.

Қорытындылай келе, қатысушылар Кеңестің жаңа Хатшылық құрамын анықтап, қабылданған шешімдерді қорытынды хаттамада бекітті.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Еске сала кетсек, Үйлестіру кеңесі ТМД мемлекеттерінің салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының шешімімен 1999 жылдың 20 қазанында салықтық (қаржылық) заңнаманы бұзумен күрес саласындағы үйлестірілген стратегияны әзірлеу, қызметті үйлестіру және ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.

Бұл Қазақстанда өткізілген Кеңестің төртінші отырысы. Бұған дейін Кеңес отырысы Қазақстанда 2005, 2010 және 2015 жылдары өткен.

Қазақстан СТОБҮК төрағалық етті

Источник: dknews.kz