278 Арман
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабирмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында екі елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын жандандыру, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланды.
Елші 2023 жылғы 10-12 мамырда Астана қаласында әлемнің 25 елінен 500-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен өтетін Өңдеуші өнеркәсіптің «Kazakhstan Industry Week» халықаралық көрмесі туралы хабардар етті, сондай-ақ тәжік делегациясын осы іс-шараға қатысуға және Тәжікстан Республикасының ұжымдық стендін ұйымдастыруға шақырды.
Тараптар өзара сауданың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.
Источник: dknews.kz