үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Қытайдың Шэньси провинциясымен байланысын нығайтуда

Қазақстан Қытайдың Шэньси провинциясымен байланысын нығайтуда

9
0

1277 Арман

Қазақстан Қытайдың Шэньси провинциясымен байланысын нығайтуда

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шэньси өлкесіне жұмыс сапарымен барып, өңірдің Халық үкіметінің төрағасы Чжао Ганмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен өлкенің әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту келешектері туралы пікір алмасты.

Атап айтқанда, Ш.Нұрышев қазақстандық тараптың Шэньси өлкесімен сауда-экономикалық, индустриалды-инвестициялық, көлік-логистикалық салаларда тығыз ынтымақтастығын дамытуға жоғары мүдделілігін атап өтті және қытай әріптестерін Қазақстанның кең өндірісі, инвестиция және сауда мүмкіндіктерін белсенді зерттеуге, ҚР-дың іскерлік топтарымен өзара тиімді байланыстар орнатуға шақырды. Өңіраралық ынтымақтастық форумы және Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесі сияқты алаңдарда одан әрі өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық, білім беру және туристік алмасуларды қалпына келтіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осылайша, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Сиань қ. арасындағы тұрақты әуе рейстерін қалпына келтіруді, сондай-ақ екі ел азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету жоспарланып отырғанын ескере отырып, ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

Қазақстан Қытайдың Шэньси провинциясымен байланысын нығайтуда

Өз тарапынан, Чжао Ган Қазақстан Елшісі көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Шэньси өлкесі Халық үкіметінің белсенді түрде зерттеуге дайын екенін жеткізді. Халық үкіметінің төрағасы Қазақстанның өңірлерімен тығыз байланыс орнатуға деген жоғары қызығушылығын танытты.

Кездесу соңында тараптар ағымдағы жылы Шэньси өлкесінде өткізілу жоспарланған халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады.

Шэньси өлкесі – 39,5 млн. халқы бар Қытайдың ірі экономикалық, мәдени, туризм, көлік және логистикалық өңірі болып табылады. 2022 ж. өлкенің Жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 478,4 млрд. долл., жан басына шаққандағы ЖӨӨ 4394 долл. жетті.

Бұл өңір Қазақстанның белсенді сауда-экономикалық серіктесі, «Қытай-Еуропа» трансконтиненталды бағытының қатысушысы болып табылады. Өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, ҚР-ҚХР Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы іс-шараларға қатысады. Сонымен қатар Жамбыл облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатылған.

Шэньси өлкесі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін сүйікті орындардың бірі. Өлкеде көптеген тарихи ескерткіштер, соның ішінде, император Цин Шихуан кесенесі және оның Әлемнің сегізінші кереметі атағына ие болған терракот әскері орналасқан.

Источник: dknews.kz