үй Әлем жаңалықтары Қазақстан өз жетістіктерін Лимбургте таныстырды

Қазақстан өз жетістіктерін Лимбургте таныстырды

16
0

2409 Awrora

Қазақстан өз жетістіктерін Лимбургте таныстырды

Фотосурет: Gov

Бельгияның Лимбург провинциясында қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгияның Лимбург провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Провинция губернаторы Джом Лантмитерспен кездесуде Қазақстан аймақтары мен Лимбург провинциясы арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени байланыстарды нығайту мүмкіндіктері талқыланды. Бельгиялық саясаткер де Қазақстанға келуге қызығушылық танытты. Қазақстан-Бельгия қатынастарының серпінді дамуына орай Дж. Лантмитерс ҚР өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан өз жетістіктерін Лимбургте таныстырды

Өз кезегінде қазақ дипломаты бельгиялық саясаткерді Қазақстанның цифрландыру, машина жасау, көлік және т.б. салалардағы жетістіктерімен таныстырды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. 2 қыркүйегіндегі Жолдауының негізгі аспектілеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан басшылығының азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жалғастыруға баса назар аударатынына ерекше аталып өтті.

Өз кезегінде «Globachem» агрохимиялық компаниясының басшылығымен кездесу барысында қазақстандық кәсіпкерлік субъектілерімен сауда-инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бельгиялық кәсіпкерлер қазақстандық серіктестер тауып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін елімізге келуге қызығушылық танытты.

Сондай-ақ М. Баймұхан өсімдік қорғау құралдарының өндірісі мен ғылыми-зертханалық зерттеулерімен танысты.

Қазақстан өз жетістіктерін Лимбургте таныстырды

Қазақстан Елшісі сұхбаттастарын Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесінің қызметі, Бельгия мен Люксембургтегі алдағы инвестициялық, сауда-экономикалық шаралар туралы хабардар етті.

Провинцияның бизнес қауымдастығы үшін Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерінің егжей-тегжейлі презентациясын, сондай-ақ «Globachem» компаниясы мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы алғашқы онлайн кездесулерді өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Лимбург провинциясының жалпы ішкі өнімі 31 млрд еуродан асады. Провинцияда Бельгия жемісінің 50 пайыздан астамы өсіріледі. 2000 жылы негізі қаланған «Globachem» – 250 млн еуродан астам айналымы бар провинциядағы ең қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-өндірістік компаниялардың бірі. Компанияның 57 елде коммерциялық байланыстары мен инвестициялық жобалары бар.

Источник: dknews.kz