үй Әлем жаңалықтары Қазақстанда еркін қоймаға қатысты талаптар жеңілдетіледі

Қазақстанда еркін қоймаға қатысты талаптар жеңілдетіледі

10
0

703 Арман

Қазақстанда еркін қоймаға қатысты талаптар жеңілдетіледі

Фотосурет: Pixabay

Енді ауданы 1 гектардан асатын еркін қоймалардың периметрі бойынша бейнекамераларды орнатуға қатысты талаптар жойылады. Тиісті шешім Қаржы министрлігі жанындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын талқылау нәтижесінде қабылданды. 1 мамырға дейін еркін қоймалардың қызметін реттейтін НҚА-ға өзгерістер енгізіледі (ҚР ҚМ 2018 жылғы 23 ақпандағы №280 бұйрығы), деп хабарлайды DKNews.kz.

Айта кету керек, қазіргі кезде Қазақстанда 1 гектардан астам аумағы бар 65 еркін қойма жұмыс істейді. Олардың кейбірі 14 мың шаршы метрге жетеді.

«Атамекен» ҰКП кедендік әкімшілендіру департаментінің басқарушы директоры – директоры Дина Мамашеваның айтуынша, осы уақыт ішінде еркін қоймалардың иелері оларды жайластыруға қажетсіз талаптардың салдарынан орасан зор қаржылай шығындарға ұшыраған. Бұл бизнес үшін қосымша әкімшілік кедергі болып отыр, әсіресе МКК-да шетелдік тауарлардың еркін қоймаларда қозғалысын бақылауға және бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдер жоқ» Дина Мамашева

Қолданыстағы нормалар уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларына да, еркін қоймаларға да бірдей қолданылады. УСҚ және кеден қоймалары ауданы, периметрі, функционалдық мақсаты бойынша да еркін қоймалармен мүлдем салыстыруға келмейді.

Мысалы, УСҚ тауарларды кедендік декларация берілгенге дейін сақтау үшін пайдаланылады. Кеден қоймасында кеден қоймасының рәсіміне орналастырылған тауарлар сақталады. Ал еркін қойма өндірістік кешен. Оның ауданы ондаған-жүздеген гектарға дейін, ал объектілердің периметрі бойынша қоршаулар 35 шақырымға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін.

Бұған дейін бизнестің бастамасы бойынша бұл мәселе ҚР Қаржы министрлігі жанынан құрылған салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қарауына шығарылған болатын.

Источник: dknews.kz