үй Әлем жаңалықтары Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

55
0

1738

Фотосурет: Gov

Алматыда ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің 85-отырысы өтті.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары және ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы қатысты.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Дәстүр бойынша отырыс 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Әскер үйінде қонақтар Әскери-тарихи музейдің экспозициясымен танысты.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов кездесу күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Отырыс барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Кеңеске қатысушылар ұлттық армиялардың жауынгерлік қабілетін дамыту мен нығайтудың негізгі бағыттарын талқылап, әскери қызметшілерді даярлау, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы тәжірибемен алмасты.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Сондай-ақ жеке құрамды тәрбиелеудің маңызды бөлігі ретінде әскери-патриоттық жұмыстың және жауынгерлер ерліктерін есте сақтаудың маңызы атап өтілді.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Отырыстың қорытындысы бойынша қорғаныс министрлері Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

Қазақстанда ТМД елдерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі Халықаралық ынтымақтастық Алматы қаласы

Источник: dknews.kz