үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау Дубайда талқыланды

Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау Дубайда талқыланды

14
0

1236 Awrora

Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау Дубайда талқыланды

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулы Рауан Жұмабек Дубай және Шаржа Әмірліктерінің ақпараттық, ғылыми-академиялық және мәдени орталар өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның барысында елімізде жүргізіліп жатқан маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы баяндап берді. Негізгі басымдық Қазақстанның сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар мен 2023 жылғы 19 наурызға жоспарланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы мәселелеріне берілді.

Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлау Дубайда талқыланды

Р. Жұмабек алдағы парламенттік сайлаудың еліміздің саяси жүйесін реформалау аясындағы соңғы маңызды қадамы екеніне баса назар аударды.

Кездесудің қатысушылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған реформаларына қолдау білдіріп, олардың ойдағыдай жүзеге асарына сенімдерін растады.

Источник: dknews.kz