үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы білім беру жүйесінің әр бөлігі қалай өзгере алады

Қазақстандағы білім беру жүйесінің әр бөлігі қалай өзгере алады

31
0

239 Арман

Қазақстандағы білім беру жүйесінің әр бөлігі қалай өзгере алады

Фотосурет: CP

«Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерісті бақылау – индустрия үні» — бұл арнайы жоба — зерттеу 2022 жылы 27-29 маусым аралығында Астанада өткен Білім беру технологиясының IV халықаралық форумы аясында жүзеге асты. Іс-шараға бастамашы болған «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (BCPD Ltd.) болды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Зерттеу Rapid Foresight («Жылдам форсайт») әдістемесі бойынша жүргізілді. Rapid Foresight әдістемесі өте қысқа мерзім ішінде ойша серпіліс жасап, стратегиялық сессия кезіндегі сарапшылардың ұсынысын түсіндіруге және талдауға қолайлы форматқа түсіруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы өңделген деректер мемлекеттік органдардың, ашық нарық пен индустрияның өзекті мәселесін анықтауға

қолданылады. Жобаға мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары бағыттары бойынша 70 сарапшы қатысты.

«Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерісті бақылау – индустрия үні» құжатыңда кадр дайындауға және қайта дайындауға, парадигмаларды өзгертуге, қоғамдық институттарды заң шығаруға жұмылдыруға, білім беру жүйесін барлық деңгейде, соның ішінде мемлекеттік деңгейде бақылауға және қадағалауға, болашақта білім беруде айқын бейімді қалыптастыруға, адамды негізге алуға, иммерсивтілік пен инклюзивтілікке ерекше көңіл бөлінеді.

Кез келген әлеуметтік реформа сарапшылар дерегін барынша көбірек жинаудан басталады. Осы Бастамамыз Жаңа Қазақстанның қазіргі білім жүйесінен болашақ жүйеге өту жолында «жетіспейтін аралықты» толтыруға көмектеседі деп сенеміз. Біз индустрия өз даусын шығарса, салалық министрліктер, нарық пен оның қатысушылары, жергілікті және халықаралық қауымдастық, барлық мүдделі тарап оны естігенін қалаймыз.

«M.E.T.A стилінде білім беру» – бұл Қазақстандағы білім жүйесін үйлесімді түрде өзгерту жұмысына арналған шынайы құрал. Бұл дәл қазір осы өзгерістің бір бөлігі болуға дайын тұрған тәжірибелі мамандар мен кәсіпқойлар, зерттеушілер мен практиктердің атынан сөйлеп тұрған индустрия үні.

Білім беру жүйесіне не себепті реформа қажет?

Білім берудің онлайн бағдарламасын дайындайтын ірі Coursera Inc. компаниясы жариялаған Машықтар туралы ғаламдық есепке сәйкес, әлемдегі заманауи үрдістер, бірінші кезекте, цифрлы технология, сонымен қатар пандемия еңбек нарығына елеулі өзгеріс әкеледі. Соның ішінде, 2025 жылға қарай 85 миллион ескі жұмыс орны жабылып, 100 миллион жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Дегенмен, сарапшылар жұмысшылардың қандай білімді және машықты игеруі қажет екенін дөп басып айта алмайды, алайда қазірдің өзінде ұлттық білім беру жүйесін – бизнес, технология және data science секілді үш саланы басшылыққа алуды ұсынып отыр.

Сондықтан, бүгінде білім берудегі реформа – таңдау жасайтын мәселе емес, нақтырақ айтқанда, шынайы мұқтаждықтан туындаған мәселе.

Зерттеу нәтижелері

«Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерісті бақылау – индустрия үні» құжатының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады. 

Кешенді шешімдер

Сарапшылар өзгеріс білім беру жүйесінің – мектеп, колледж (ТжКББ) бен ЖОО секілді барлық буынына қажет деп атап өтті. Мұндай жүйелі жұмыс таяу болашақта көзге көрінетін және өлшеуге келетін экономикалық нәтижеге жетуге көмектеседі.

Сарапшылар сонымен қатар негізгі сұрақтарға жауап берді: білім индустриясы қазір қай тұста, алдағы қысқа мерзімде (1-3 жылда), орта мерзімде (3-5 жылда) және ұзақ мерзімде (5-10 жыл) қандай деңгейге жетпек, осы жолда не керек, не кедергі және не көмектесе алады. 

Реформа жүргізу үшін әр бөлім өз бетінше жұмыс істейтін бірнеше бағыттан тұрады, онда:

  • Трендтер – өзгерісті көздейтіні
  • Форматтар – ағымға сай ерекшелігі бар өзгерістер
  • Технологиялар – өзгерістің практикалық құралы
  • Мүмкіндіктер – алдағы әлеуеті зор бағыттар 
  • Қауіп-қатерлер – білім жүйесіндегі кедергі жасауы мүмкін кемшіліктер
  • Нормативтік актілер – өзгерісті формалдық тұрғыда бекітуді қажет ететін құжаттар көрсетілген.

Білім саласына реформа қажет 

Осы Бастаманы қолға алған сарапшылар тобы білім берудің барлық буынын жеке-жеке – мектеп, колледж бен ЖОО деп бөліп қарауға болатын жаңа моделін ұсынады. Әйтсе де олар әдістерді кешенді түрде өзгерткен жағдайда ғана барынша тиімді нәтиже береді. Мұндай жүйелілік – кез келген жастағы білім алушының жаңаша оқуға деген машығын қалыптастыру, қажет ақпаратты алу, күнде өзгеріп отыратын әлемге бейімделу, ары қарай қандай бағытта дамуды анықтау және ол үшін не керегін білу секілді ортақ мақсатқа жұмыс жасайды.

Басқаша айтқанда, мектеп, колледж бен ЖОО баланың қабілетін анықтап, мамандық алғанға дейін оның дамуына көмектесетін, soft skills пен өзіндік ойлауды үйрететін бірыңғай механизм ретінде жұмыс жасауы тиіс. Ал ересек адамның қабілеті өзгерсе, оған қызмет бағытын өзгертудің түсінікті алгоритмін ұсынады. 

Қазақстандық білім жүйесіндегі қарама-қайшылықты ауыстыру үшін, алдағы бірнеше жыл маңызды кезең болмақшы. Сарапшылар тобының шешімін негізге ала отырып, барлық ұсынысты шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. 

  • I кезең. Оқу бағдарламасын толық тексеру. Қажетсіз білімнен бас тарта отырып, оларды өзектендіру, сонымен қатар білім берудің жаңа форматын анықтау.
  • II кезең. Білім беру мазмұнына, әсіресе, колледждер мен университеттер деңгейінде бизнестің, өндірістің, потенциалды жұмыс берушінің ат салысуын арттыру.
  • III кезең. Күнделікті оқу процесіне VRAR, 3D-технологиялар, жасанды интеллект және машинамен оқыту секілді технологиялық шешім енгізу.
  • IV кезең. Білім беруді тереңінен және толық цифрландыру, соның ішінде, цифрлы колледждер мен университеттер, жұмысқа тұруға және өз білімін, машығы мен біліктілігін растауға цифрлы платформалар құру.

Rapid Foresight сессиясының сарапшы-қатысушыларының пікірлері

Меніңше, қазіргі таңда бізге білім беру жүйесіне үнемі реформаны қажет ететін сала ретінде қарым-қатынасымызды өзгерте білген маңызды. Білім беру жүйесі жылдам нәтиже бермейді. Сондықтан, белгілі бір реформалар бағытын алып, жолай кездескен қиыншылықтар мен бірден байқала қоймаған нәтижелерге қарамастан, сол бағыттан айнымау керек. Думан Айтмағамбетов, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ стратегиялық даму жөніндегі проректоры

Бүгінде қазақстандық білім жүйесін халықаралық стандарт пен үлгіге сәйкестендіре отырып, әлем бойынша барынша бәсекеге қабілетті және мойындалатын жүйе жасау маңызды. Бұл сондай-ақ бар күшімізді салып жемқорлықпен күресіп, білім берудегі академиялық әділдік пен этиканы алға тартып, басқару органы мен оқытушыларды аймақтық ЖОО жұмыс істеуге ынталандырып, білім беру саласының көшбасшыларымен серіктестік құрып, олардың технологиялары мен тәжірибесін белсенді түрде қолдана білуіміз керек деген сөз. Әсел Аймұшева, Назарбаев университеті Жоғарғы бизнес мектебі түлектері ассоциациясының директоры

Жыл сайын мектептерде педагогтардың қай мамандығы көбірек сұранысқа ие екенін бақылау қажет. Осы бақылаудың нәтижесіне орай, педагогикалық ЖОО мен колледждерге сәйкесінше мамандықтарға абитуриенттер жинақтаған дұрыс. Бес жылға алдын-ала есеп жүргізілуі тиіс. Мысалы, қазіргі таңда мектептерде физика, химия, информатика пәндерінің мұғаліміне деген сұраныс жоғары. Ал енді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі сұранысты толық қанағаттандырады. Сондықтан, тұрақты түрде талдау жасап, алдағы жылда педагогикалық мамандықтарға қабылдауды қайта қарастырған дұрыс шығар? Сонымен қатар, педагогикалық ЖОО мен колледж жас түлектерінің алдағы 1-2 жылда мектептегі жұмысын қадағалауды талап етуге болады. Олар өз маманының сапасына жауап бере білуі керек. Сапура Жолдасбаева, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ Педагогикалық шеберлік орталығының сарапшысы

Білім берудегі күрделі мәселенің бірі – оқу бағдарламасының көлденең құрылуы, яғни білім алушының мектептен колледжге және университетке біртіндеп өтуі. Олардың әр сатыда алған машығы мен білімі бірыңғай жүйеге жинақталуы тиіс. Біз мектеп штатына жеке бірлік – кәсіптік бағдарлаушы енгізуді ұсынамыз. Бұл маман оқушыларға мамандық таңдауда және университетке түсуде көмектесіп, бағыт берумен ғана шектелмей, сонымен қатар болашақта еңбек нарығында қажет болатын өзекті машық пен білімді игеруде негізгі көпірге айналады. Әсел Ибентаева, Астана қ., Назарбаев зияткерлік мектебі CAS (Creativity, Activity, Service) бағыты бойынша үйлестіруші (IB)

Жобаны BCPD әзірледі

Қазақстан экономикасының қажетіне сай адам капиталын дамыту мақсатында BCPD нарықта алты жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Біз кәсіби маман, сондай-ақ орта, жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі деңгейдегі жас ұрпақты дайындауға бағытталған көптеген жоба мен бағдарламаны жүзеге асырдық. Сонымен қатар BCPD әлеуметтік маңызы бар білім беру, соның ішінде қазақстандық жастарды дамытуға ат салысатын жобаларды қолдауға жүйелі түрде жұмыс жүргізеді.

«Қазақстанда білім беруді өзгертуге қатысты бастама – индустрия үні» форсайты Peremena.media қатысуымен әзірленді. Бұл бала білімі мен тәрбиесінде білім беру реформаларының сараптамасындағы тәжірибеге сай трендке, оқушыларға білім беру курсын өткізуге, сондай-ақ STEAM-фестиваль және танымал ғылыми лекторий ұйымдастыруға маманданған медиа. Біз қазақстандық білім жүйесінде жаңа білім парадигмаларын әзірлеуге ат салысамыз және ата-анаға барлық нюансты түсінуге көмектесеміз.

Источник: dknews.kz