үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы инфляция: жақын арада не күтуге болады?

Қазақстандағы инфляция: жақын арада не күтуге болады?

13
0

728 Арман

Қазақстандағы инфляция: жақын арада не күтуге болады?

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер бойынша деректерді жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылдың наурыз айында елде жылдық инфляция 18,1%-ды құрап (ақпанда – 21,3%), барлық өңірде баяулады.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 20,5%-ға дейін (ақпанда – 26,2%) баяулады. Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (26,8%) барынша тез, ал Алматы қаласында (18,7%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 18,1%-ға дейін бәсеңдеді (ақпанда – 20,5%). Ең жоғары мән Астана қаласында (28,7%), ең төменгі мән Алматы облысында (13,6%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы ж/ж 14,4%-ға дейін баяулады (ақпанда – 15,0%). Бұл ретте баға жалпы республикалық деңгейден Ақмола, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында (17,8%-дан) біршама тез, Астана қаласында (11,0%) айтарлықтай баяу өсті.

2023 жылғы наурызда елде айлық инфляция 0,9%-ға артты. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары наурызда 0,6%) жоғары.

Толығырақ

Источник: dknews.kz