үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы жаңа жоба: беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт

Қазақстандағы жаңа жоба: беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт

15
0

1606 Awrora

Қазақстандағы жаңа жоба: беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт

Фотосурет: Gov

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен «XinXing» компаниясы құбырлар шығаратын зауыт құрылысын талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қытайлық «XinXing Ductile Iron Pipes Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтауға арналған беріктігі жоғары шойыннан жасалатын құбырлар шығаратын зауыт салу жобасын талқылады.

Сонымен қатар кездесуде зауыттың орны, преференциялар беру және жобаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері көтерілді. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өнім сапасының жоғары стандарттарын және компанияның халықаралық нарықтағы озық тәжірибесін ескере отырып, «XinXing»-пен серіктес болуға деген қызығушылығын білдірді. Тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Келіссөздердің нәтижесінде екі тарап Қазақстанның инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болатын және еліміздегі сумен жабдықтау және су бұру сапасын жақсартуға ықпал ететін жобаны іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеу ниетін растады.

«XinXing Ductile Iron Pipes Co., Ltd.» – сумен жабдықтау және су бұруға арналған шартәріздес графиті бар беріктігі жоғары шойын материалдарын жасайтын жетекші әлемдік өндіруші. Қызметінің негізгі бағыттарына шойын мен болат шығару, құбырлар, фасонды бөлшектер және басқа да өнімдер өндіру, сондай-ақ жабдықтар жасау жатады.

Концерн ҚХР-дың негізгі мемлекеттік кәсіпорындарының қатарына кіреді және 1997 жылдан бастап Шэньчжэнь қор биржасында тіркелген. Он жыл ішінде «XinXing» беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырларды өндіру көлемі, сондай-ақ валюталық түсім көлемі мен нарық үлесі бойынша бірінші орында тұр. Компанияның өнімі Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 120 еліне экспортталады. Компания шығарған құбырлар мен фитингтер Бейжіңдегі олимпиадалық нысандарға арналған инженерлік желілерді салуда және басқа да ірі жобаларда қолданылды.

Источник: dknews.kz