үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы медициналық туризм: сын-тегеуріндер мен перспективалар

Қазақстандағы медициналық туризм: сын-тегеуріндер мен перспективалар

6
0

1073 Арман

Қазақстандағы медициналық туризм: сын-тегеуріндер мен перспективалар

«Kazakh Tourism ҰК» АҚ алаңында ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың төрағалығымен медициналық туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының және т. б. өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандағы медициналық туризм: сын-тегеуріндер мен перспективалар

Спикерлер медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық туризмнің тартымдылығын жақсарту, eQonaq жүйесі арқылы шетелдік туристерді тіркеу, сондай-ақ шетелдік пациенттерді тарту мен Қазақстан азаматтарының мұқтаждықтарына сай теңгерімді қамтамасыз ету қажеттігін талқылады.

«2022 жылы қазақстандық санаторий-курорт ұйымдар 900 шетелдік туристке қызмет көрсетті, ал медициналық емдеу мекемелерінде 3 884 шетелдік пациентке қызмет көрсетілді. Елде JCI стандарттарына сай келетін 9 клиника бар және олардың біреуі ғана жекеменшік. Мысалы, бұл стандартқа  Ресейде екі, Өзбекстан мен Арменияда — 1, Италияда — 25, Жапонияда — 30 клиника сай келеді. Біздің министрлік туристік салаға инвестиция тартуды жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау іс-шаралары енгізіліп жатыр. Бұл ретте, келушілер үшін медициналық туризмді дамыту қосымша шаралар қабылдауды, сондай-ақ келу туризмі бойынша медициналық ұйымдар мен туроператорлар арасындағы кооперацияны арттыруды талап етеді деп санаймын» Дастан Рыспеков

Источник: dknews.kz