үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы парламентке алдағы сайлау Испания Сенатында талқыланды

Қазақстандағы парламентке алдағы сайлау Испания Сенатында талқыланды

17
0

325 rob

Қазақстандағы парламентке алдағы сайлау Испания Сенатында талқыланды

Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенаты Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Төрағасының орынбасары Антонио Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар 2023 жылдың 19 наурызында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауға баса назар аудара отырып, екіжақты парламенттік қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Қазақстандағы парламентке алдағы сайлау Испания Сенатында талқыланды

Қазақстан Елшісі ҚР Парламентінің төменгі палатасына сайлау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформалар циклінің логикалық қорытындысы болып табылатынын атап өтті. Атап айтқанда, 2022 жылы өткен конституциялық референдум мен президенттік сайлаудан және биылғы парламенттік сайлаудан кейін еліміз өзінің демократиялық дамуының жаңа дәуіріне қадам басуда.

Өз кезегінде А. Гутьеррес еліміздегі ішкі саяси үдерістерді жоғары бағалап, ЕКПА төрағасының орынбасары, жалпы парламентші ретінде Қазақстан басшылығының саяси реформаларын құптайтынын атап өтті.

Сұхбаттастар екіжақты парламентаралық дипломатияны одан әрі нығайтуға келісті. Д. Мұсаев А. Гутьеррестің жақын арада Испания Сенатының Сыртқы істер комитетінде сөз сөйлеуге шақыруын қабылдады.

Источник: dknews.kz