үй Әлем жаңалықтары Қазақстандағы парламенттік сайлау чех сарапшыларының назарында

Қазақстандағы парламенттік сайлау чех сарапшыларының назарында

0

801 rob

Қазақстан Елшілігінде Чехия мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламент депутаттарының, жетекші талдау институттарының, сондай-ақ мәдениет, білім, ғылыми орта өкілдерінің қатарынан «Қазақстан достары клубының» қатысуымен Қазақстан Парламентіне алдағы сайлауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Чех сарапшылары алдағы Қазақстандағы парламенттік сайлауға үлкен қызығушылық танытты, атап айтқанда, Чехия Парламенті Сенатының депутаты Ян Жалаудик өз сөзінде: «Чехияда Қазақстан Парламентіне сайлау үлкен қызығушылық тудырады, сайлау тұрақтылықты, орнықты және болжамды дамуды сақтау белгісімен өтетініне сенімдімін. Достас Қазақстан барлық салаларда жүйелі және тұрақты дамуды сақтайды деп үміттенеміз», – деп атап өтті.

Чех саясаттанушылары, жетекші талдаушылар мен Чехияның аналитикалық институттарының сарапшылары өз сөздерінде Қазақстан саяси институттардың, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан қызықты екенін және алдағы Қазақстан Парламентіне сайлауда жастар өкілдері белсенділік танытатынын атап өтті.

Іс-шара соңында қазақстандық дипломаттар журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version