үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық делегация Гонконг музей саммитіне қатысты

Қазақстандық делегация Гонконг музей саммитіне қатысты

0

302 Арман

2023 жылғы 24-25 наурыз аралығында ҚР орталық мемлекеттік музейінің директоры Р.Харипова мен Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері А.Жанееваның құрамындағы қазақстандық делегация Гонконг қаласында өткен Музей саммитіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Саммит 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және Мұражай қызметіндегі сараптамалық тәжірибе мен инновациялық идеялармен алмасу алаңы ретінде жұмыс атқарады.

Іс-шараға Еуропалық Одақтан, Азия-Тынық мұхиты аймағынан, оның ішінде Қытайдан 50-ден астам мұражай өкілдері, сондай-ақ өнер саласындағы түрлі ұйымдардан 2000 делегат қатысты.

Саммит аясында қазақстандық делегация ЕО, Индонезия, Таиланд, Қытай, Гонконг және басқа елдердің сарапшыларымен кездесті. Іс-шараға қатысушылар саммиттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады және оны тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандық және гонконгтық тарап мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен өзара негізде көрмелер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version