үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық дипломат Пәкістанда жоғары бағаға ие болды

Қазақстандық дипломат Пәкістанда жоғары бағаға ие болды

54
0

1463

Қазақстандық дипломат Пәкістанда жоғары бағаға ие болды

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі «Жыл елшісі» марапатына ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Исламабадта 2025 жылдың қорытындысы бойынша дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, халықаралық ұйымдар кеңселерінің және іскер топтар өкілдерінің қызметін бағалауға арналған «Global Ambassador Awards» атты жетінші жыл сайынғы салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараны Пәкістанның беделді «The Diplomatic Insight» журналы (Diplomatic Insight Group, DIG) Institute of Peace and Diplomatic Studies зерттеу-талдау орталығымен бірлесе ұйымдастырды.

Қазақстандық дипломат Пәкістанда жоғары бағаға ие болды

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде Пәкістан Президентінің баспасөз хатшысы Мұртаза Соланги, сондай-ақ Премьер-министрдің арнайы көмекшісі, Ұлттық мұра және мәдениет істері жөніндегі Мемлекет министрі Хузайфа Рехман қатысты.

Биылғы жылы алғаш рет арнайы «Жыл елшісі» сыйлығы тағайындалды. Номинация бойынша үміткерлерді анықтау мақсатында Пәкістанның саяси, ресми, дипломатиялық, іскер және академиялық орта өкілдері арасында кешенді сауалнамалар жүргізілді.

Қазақстандық дипломат Пәкістанда жоғары бағаға ие болды

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін «Жыл елшісі» атағы Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафинге берілді.

Исламабадтағы дипломатиялық корпус құрамына 120-дан астам дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері кіреді. Солардың ішінен биыл аталмыш марапатқа ие болған жалғыз елші — Қазақстан Елшісі.

Бұдан бұрын 2022 жылы да Е.Қыстафин «Global Ambassador Awards» сыйлығымен марапатталған болатын. Бұл Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі жүргізіп отырған жүйелі және нәтижелі жұмыстың жоғары бағаланатынын айқын көрсетеді.

Қазақстандық дипломат Пәкістанда жоғары бағаға ие болды

CIM Казахстан и Пакистан Халықаралық ынтымақтастық Жыл елшісі

Источник: dknews.kz