үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

4
0

306 Awrora

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев пен Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Айдын және Измир провинциялары әкімдері, облыстық полиция, көші-қон қызметі және жоғары оқу орындарының басшылығы, сондай-ақ өңірлердің жетекші бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және өңірлер аралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Айдын қаласының Аднан Мендерес атындағы университеті мен Измир қаласының Докуз Эйлюль университетінің жетекшілері мен аталған оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттермен болған жиын барысында қазақ жастарының оқу процессі, оқу кезеңінде уақытша тұру және тұрмыс-жай сұрақтары тілге тиек болды.

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Экономикалық дипломатия бағытында Айдын және Измир аймақтарының ең ірі 100 іскерлік топтары қатарындағы 19 әлеуетті инвесторлармен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Түрік компанияларының Қазақстанда жылыжай құрылғылары, өсімдік майы, ауылшаруашылығы техникасы, сүт өндірісі, метал бұйымдары, балық және көкөніс өнімдерін өңдеу жобаларына инвестиция салуға бағытталған Қазақстанға сапарлары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстандық дипломаттардың сапары: Эгей аймағымен ынтымақтастық перспективалары

Источник: dknews.kz