үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионы атанды

51
0

1466 Арман

Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионы атанды

Фотосурет: Руслан Мазунин/ҚШФ

Астанада Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) басшылығы оқушылар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары – жас чемпиондарды құттықтады. ҚШФ президенті Тимур Тұрлов салтанатты рәсімде 9 жасқа дейінгі санатта жеңіске жеткен Аланна Берікқызы мен Әмина Қайырбековаға (17 жасқа дейінгі санат) 1 000 000 теңге мөлшерінде сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып Тимур Турлов олардың жеңісі Қазақстан мен жалпы елдегі барлық шахматшылар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионы атанды

«Біздің қыздар елімізге халықаралық жарыстардан жеңіс әкелді. Мен Әмина мен Аланнаны мақтан тұтамын. Осындай талантты қыздарымыздың арқасында болашағымыздың жарқын екеніне сенімдіміз. Біз қыздар өздерінің таланттарын ашып, табысты дамуға күш табуы үшін бәрін жасаймыз. Сіздерге деген алғысым шексіз! Шахматқа байланысты және одан тыс армандарыңыз орындалады деп сенемін. Өз талантыңды дамыту жолында еңбек ету маңызды. Бірақ қарсыластарыңды жеңу үшін өзіңді жеңуің керек. Өз қорқыныштарыңыз бен эмоцияларыңызды жеңу – жеңістің жартысы» Тимур Турлов

Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионы атанды

Оқушылар арасындағы әлем чемпионатын қорытындылай келе, ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Қазақстан барлық жағынан алда екенін атап өтті.

«Біздің команданың барлығы жастарына қарамастан керемет және сенімді өнер көрсетті. Медальдардың жалпы саны бойынша да Қазақстан бірінші орынды иеленді» Гүлмира Дәулетова

Мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты Грекияның Родос аралында 2023 жылдың 13- 23 сәуірінде Халықаралық Шахмат федерациясының (ФИДЕ) қолдауымен өтті. Оған әлемнің 50 елінен 500-ден астам оқушы қатысты.

Источник: dknews.kz