үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық жауынгерлер АҚШ-та өткен байқаудан жеңіспен оралды

Қазақстандық жауынгерлер АҚШ-та өткен байқаудан жеңіспен оралды

0

1095 Awrora

Фотосурет: Gov

Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшісі кіші сержант Назира Альбосынова мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 3-сыныпты сержанты Ермек Зайлағи Аризона штатындағы Ұлттық гвардия базасында өткен жыл сайынғы «Үздік жауынгер-2023» байқауында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарысқа 50-ден астам адам, оның ішінде 10 әйел әскери қызметші қатысты.

Байқауға қатысушылар жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы стандарттарына сәйкес жаттығулар мен топография бойынша тапсырмаларды орындады. Олар сондай-ақ әртүрлі атыс қаруларынан ату дағдыларын, топ құрамындағы тактикалық дайындық деңгейін және 20 шақырымға толық жабдықпен марш жасау арқылы дене дайындығы деңгейін көрсетті.

Әскери қызметші әйелдер арасындағы байқау қорытындысы бойынша кіші сержант Назира Альбосынова абсолютті жеңімпаз атанды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы рейтингте ол алтыншы орыннан көрінді.

3-сыныпты сержант Ермек Зайлағи да жоғары дайындық деңгейін көрсете білді. Ол РХБҚ және медициналық дайындық нормативтерін орындауда 20 шақырымдық маршта жеңіске жетті. Жалпы есепте барлық қатысушылар арасында қазақстандық сегізінші орынды иеленді.

Конкурсты ұйымдастырушылар күш-жігерді, ептілік пен төзімділікті талап ететін күрделі сынақтардан лайықты өткен қазақстандық әскери қызметшілердің даярлық деңгейіне жақсы баға берді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version