үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық стартап Кремний алқабында алға жылжу мүмкіндігіне ие болды

Қазақстандық стартап Кремний алқабында алға жылжу мүмкіндігіне ие болды

61
0

547 Арман

Қазақстандық стартап Кремний алқабында алға жылжу мүмкіндігіне ие болды

Фотосурет: gangliu10/CP

Қазақстандық Досжан Жүсіповтың Cerebra стартапы АҚШ-тың Стэнфорд университетіндегі StartX кәсіпкерлер клубына енді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Cerebra стартапы – бұл медицина саласындағы жасанды интеллект. Қазақстандық Досжан Жүсіпов өз жобасымен StartX акселерация бағдарламасына еніп, қоғамдастықтың тұрақты мүшесі болды.

Қазақстандық стартап Кремний алқабында алға жылжу мүмкіндігіне ие болды

«Біздің топ үшін маңыздысы – нәтиже. Бұл қауымдастық мүшелерінің 92%-ы өсім көрсетеді немесе оларды сатып алады. Қабылданған бір компанияға орта есеппен 11 млн АҚШ долларынан астам қаражат құйылған. StartX – күшті қауымдастық. Біздің таланттарға, қаржыландыруға және әлемдегі ең қуатты инновациялық желілердің бірі – Стэнфорд университеті түлектерінің желісіне қолымыз жететін болады» Досжан Жүсіпов

Cerebra жобасы StartX акселераторының іріктеу кезеңіне Қазақстаннан қатысқан алты топтың қатарында болды. Топ бірнеше қиын кезеңдерден өтіп, бағдарламаға қабылданды.

Клубқа технологиялық шешімдерге, ғылыми немесе инженерлік мәселелерге негізделген жобалар кіреді. StartX клубының мүшелері қазақстандық Cerebra стартапын осы талаптарға сай деп таныды.

StartX акселераторы Кремний алқабында орналасқан. Бұл стартап жобаларын іске қосуға және ілгерілетуге арналған коммерциялық емес білім беру ұйымы. StartX қауымдастығының барлық мүшелерінің жалпы құны 26 млрд АҚШ долларына жетеді.

StartX – бұл 1800-ден астам кәсіпкердің, салалық сарапшылардың, Стэнфорд университетінің профессорлары мен 700-ден астам жақсы қаржыландырылған өсу сатысындағы стартаптардың қауымдастығы.

Cerebra стартапы – нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект. Бағдарлама он минут ішінде инсультті анықтауға және тануға мүмкіндік береді. Жобаны 2018 жылдан бері жасанды интеллект саласындағы технологияларды әзірлеумен айналысатын Almaty A.I. Lab компаниясы жасаған. Қазіргі таңда Cerebra Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің мүшесі және АХҚО резиденті болып табылады.

Источник: dknews.kz