үй Әлем жаңалықтары Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

0

281 Awrora

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Алдын ала мәлімет бойынша борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version