үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар...

Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар бекітілді

21
0

258 Awrora

Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар бекітілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК, Азия кеңесі) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жол картасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК 6-шы Саммитінде (2022 ж. 13 қазан, Астана) мәлімдеген бастамаларын іске асыру бойынша нақты іс-шараларды қабылдауды көздейді.

Құжат өзара іс-қимылдың әртүрлі салаларын қамтиды, соның ішінде Азия кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруды ілгеріту, Кеңестің институционалдық дамыту, Сенім шаралары каталогын практикалық іске асыру, Іскерлік және Жастар кеңестерінің қызметін толықтыру, АӨСШК бақылаушыларымен және серіктестерімен ынтымақтастық, мүдделі халықаралық ұйымдармен байланыс орнату, АӨСШК Хатшылығының әлеуетін нығайту және т.б.

Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар бекітілді

Қ. Тумыш өз сөзінде Қазақстан төрағалығының басымдықтары Азия континентіндегі өзара байланысты нығайтуға үлес қосуға және аймақтың ортақ мүдделерін ілгерілетуге ықпал ететін Азия кеңесін халықаралық қатынастардың маңызды субъектісі ретінде дамытуға бағытталғанын баса айтты. Ол бұрынғы жол карталарының сәтті орындалғанын және 2023-2024 жж. арналған төрағалықтың мазмұнды күн тәртібін жүзеге асыру үшін кезекті құжатты қабылдаудың уақыттылығын атап өтті.

АӨСШК Бас хатшысы Қ. Сарыбай және Хатшылықтың қызметкерлері АӨСШК трансформациясының мүмкін тақырыптық бағыттары және Хатшылықтың қызметін реформалау бойынша ұсыныстарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қазақстанның 2023-2024 жылдарға арналған АӨСШК төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар бекітілді

Қ. Тумыш АӨСШК Бас хатшысы мен Хатшылық қызметкерлеріне Қазақстан төрағалығының басымдықтарын орындауға белсенді көмегі үшін алғыс білдірді.

Источник: dknews.kz