үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тұңғыш рет БҰҰ Қарусыздану комиссиясының жыл сайынғы...

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тұңғыш рет БҰҰ Қарусыздану комиссиясының жыл сайынғы сессиясының төрағасы болып сайланды

0

1117 Арман

Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану комиссиясының жыл сайынғы сессиясының төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллиннің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдауын көрді, деп хабарлайды DKNews.kz.

БҰҰ-ның Қарусыздану комиссиясы – Бас Ассамблеяға бағынатын консультативтік-кеңесші орган және оның қызметі қарусыздану саласындағы әртүрлі проблемаларды қарастыру және ұсыныстар жасау болып табылады. Комиссия жыл сайын сәуір айында үш апта бойы жиналады және өз жұмысын пленарлық отырыстар мен жұмыс топтары арқылы жүргізеді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің өкілі сайланған бұл маңызды органға табысты төрағалық ету үшін алда ауқымды жұмыстар тұр.

Сессияның ашылуында БҰҰ Бас хатшысының атынан Қарусыздану істері жөніндегі Жоғарғы өкіл Изуми Накамицу сөз сөйлеп, Қазақстан өкілін осындай маңызды қызметке сайлануымен құттықтап, БҰҰ Қарусыздану комиссиясы сессиясының жұмысына сәттілік пен жеміс тіледі.

Сессия жұмысы ү.ж. 21 сәуірге дейін жалғасады, оның қорытындысы бойынша қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне қатысты қорытынды құжаттар мен ұсынымдар қабылданады деп күтілуде.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version