үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

11
0

707 Арман

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

Аустрия астанасындағы әйгілі «Эрбар» концерт залының сахнасында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің, тенор Медет Шотабаевтың және «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» музыканттары Дина Мейірманова мен Талғар Толқынханұлының «Bridge of Times» концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

Концерттік бағдарламаны Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі әртістердің әлемдік гастрольдік туры аясында ұйымдастырды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Әлібек Бақаев музыка жанашырларына, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ Аустрияда тұратын қазақстандықтарға қазақ мәдениетіне деген шынайы қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, алпыс жылдан астам тарихы бар Қазақстан мәдениетінің флагманы болып саналатын «Қазақконцерт» ұйымының маңыздылығын атап өтті. Бұл ұйымның құрылуы еліміздің шежіресіне есімдері алтын әріптермен жазылған ұлы өнер қайраткерлерімен байланысты.

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

Қыл-қобыз, сыбызғы, даңғыр, шертер және сазсырнай сияқты көне музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен фольклорлық музыкамен, сондай-ақ Нұрғиса Тілендиев, Абай Құнанбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Джакомо Пуччини және Эрнесто Де Куртистің классикалық шығармаларымен қаныққан бағдарламаны жұртшылық аса жылы қабылдап, кеш соңында қазақстандық әртістерді қошеметпен марапаттады.

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист және композитор Ақтоты Райымқұлованың «Түйіскен жолдар» атты жаңа туындысын автор мен әртістердің бірге орындауы тыңдармандардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

Қазақстанның этникалық музыкасы австриялықтардың жүрегін жаулап алды

«Тұран» ансамблінің репертуары дәстүрлі қазақ музыкасының түрлі жанрларын қамтиды. 46 астам көне музыкалық аспаптарда ойнайтын музыканттар тыңдаушыларға алуан философиялық тақырыптарды жеткізу үшін көмеймен ән салу техникасын қолданады. М. Шотабаев – белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Италия жұлдыздары» орденінің иегері, бірқатар халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. Д. Мейірманова – танымал пианист және концертмейстер, халықаралық байқаулардың лауреаты. Т. Толкынханұлы – виолончелист, Шанхай консерваториясының магистранты. «Қазақконцерт» әртістерінің гастрольдік сапары АҚШ, Швейцария, Франция, Нидерланд, Хорватия, Словения және басқа да Еуропа елдерінде өтті.

Источник: dknews.kz