үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның футболдан U-17 құрамасы Даму Кубогында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

Қазақстанның футболдан U-17 құрамасы Даму Кубогында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

0

127 Awrora

Қазақстанның футболдан U-17 құрамасы Минск (Беларусь) қаласында өтіп жатқан Даму Кубогында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Біздің команда екінші айналымда Өзбекстан құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен ұтты. Ойынның оныншы минутында құраманың жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл есеп ашты. Араға тура он минут салып шабуылшы Тамерлан Ағыманов есепті еселей түсті.

Матчтың соңғы минутында екінші таймда алаңға шыққан Виктор Лакеев үшінші голды соғып, кездесуге нүкте қойды.
Қазақстан құрамасының сапынан Ілияс Әбіл матчтың үздік ойыншысы танылды.

Александр Кузнецов баптайтын қазақстандық команда топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні, елорда уақытымен 21:00-де Беларусь құрамасына қарсы өткізеді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version