үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның ішкі саудасын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қазақстанның ішкі саудасын қандай өзгерістер күтіп тұр?

0

1134 Арман

24 сәуірде Руслан Шаекиннің төрағалығымен ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыс барысында ішкі сауда ережелеріне сауда желілері мен базарлардың сауда алаңдарын отандық тауарларға (азық-түлік тауарлары үшін — кемінде 50%, азық-түлік емес тауарлар үшін-кемінде 10%) жүктеу қажеттілігін енгізу бойынша өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бір жағында – отандық тауар өндірушілерді қолдау, екінші жағында – Қазақстан аумағына дайын өнімді жеткізетін ірі компанияларды қолдау болып табылатын барлық оң және теріс жақтарын саралап, сөрелерде қазақстандық өнімдермен қамтудың қосымша пайызын енгізбеу туралы шешім қабылданды.

«Жергілікті қамту үлесін ұлғайту туралы шешімді оның сапасын, бәсекеге қабілеттілігін және басқа да нарықтық артықшылықтарын ескере отырып, сауда желілері ерікті түрде қабылдайтын болады. Әрине, мұндай бастамаларды мемлекет қолдауы керек» Арман Шаққалиев

Сондай-ақ, отырыс барысында Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек фитосанитария, ветеринария органдары, «KazakhExport «Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен өңделген өнім экспортын дамыту бойынша бірыңғай терезе құруды ұсынды. Вице-министр бұл ұсынысты қолдап, бірыңғай терезе құрудың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Арман Шакқалиев Сауда саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасы туралы айтып берді, онда мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектормен, қауымдастықтармен және т. б. құрылымдармен жұмыс жүргізу үдерісі көрініс табатын болады.

Күн тәртібінде тауарларды таңбалау және қадағалау мәселесі тыңдалды, онда «Bastama» институтының президенті Темірлан Жақыпбеков сөз сөйледі. Талқылау барысында Темірлан Жақыпбеков тауарларға, оның ішінде көтерме және бөлшек саудада сатып алынатын тауарларға таңбалау қажеттілігін қарастыру мәселесін айтты, сондай-ақ бәсекелестік ортаны құру үшін таңбалау операторын таңдау мүмкіндігі мәселесі көтерілді. Айта кету керек, Қазақтелеком бүгінгі таңда таңбалаудың жалғыз бірыңғай операторы болып табылады.

«Таңбалау өнімді бақылау құралы ретінде қарастырылады. Бақылау мүмкіндігі тауарлардың қауіпсіздігі, шығу тегі, сапасының көптеген мәселелерін шешеді. Сауда министрлігі үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде, таңбалау операторымен бірлесіп талқылауды ескере отырып, бұл жүйені қалай жетілдіру керектігі туралы пайым дайындайды» Арман Шакқалиев

Сондай-ақ, отырыста «сұр сертификаттар» мәселесін шешуге бағытталған бақылау шаралары туралы мәселе қаралды. Мәселен, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылардың қазақстандық қауымдастығымен бірлесіп, міндетті рәсімдерді бұза отырып берілген сәйкестікті растау туралы құжаттардың айналымына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Кеңестің қарауына ұсынды.

«Жоспар кезең-кезеңімен жұмысты, оның ішінде бұрыннан бар сертификаттармен күресуді, аккредиттеу органдарының, бақылау органдарының өзара іс-қимылын қарастырады, ЕЭК арнайы рәсімі бар, оған сәйкес елдер мұндай құжаттардың күшін жояды, бұдан бөлек, жоспарда Қырғызстанда цифрландыруды енгізу, яғни оларға біздің цифрлық шешімдерімізді ұсыну және оларға отандық заңнамаға өзгерістер енгізу сияқты жүйелі шаралар бар» Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев

Отырыс соңында 2030 жылға дейінгі Сауда саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау басталды, оны талқылау а.ж. мамыр айының екінші онкүндігінде өтетін Кеңестің келесі отырысында жалғасатын болады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version