үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Орталық Азиядағы Румыния үшін серіктес ретіндегі маңызы

Қазақстанның Орталық Азиядағы Румыния үшін серіктес ретіндегі маңызы

0

1373 Арман

Қазақстанның Румыниядағы жаңадан тағайындалған Елшісі Ерлік Ш. Әли Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотаға сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тиісті рәсім аясында тараптар қазақ-румын қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, одан әрі ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.

Қазақстандық дипломат соңғы жылдардағы тауар айналымының ұлғаюы (2022 ж. 2,65 млрд. АҚШ доллары), өткізілген форумдар, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырыстары, мемлекеттік қызметшілер және кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы кездесулер елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына сөзсіз ықпал ететінін атап өтті.

Ю.Фота Қазақстан Румынияның Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастығы бойынша маңызды серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, румын тарапы а.ж. 18-19 мамырында Алматыда өтетін «Еуроодақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумына қатысуға дайындалуда.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version