үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер Молдова тарапының қызығушылығын тудырды

Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер Молдова тарапының қызығушылығын тудырды

0

381 rob

Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Анжелика Караманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында А. Айдарбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан елдегі демократиялық қайта құрулар, конституциялық, саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау туралы және Елшілік жанынан тұңғыш рет сайлау учаскесі ашылатыны туралы хабардар етті.

Өз кезегінде А. Караман 16 наурызда парламенттік сайлауды байқауға қатысу үшін Астанаға баратынын хабарлады. Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер Молдова тарапының қызығушылығын тудырды.

Сұхбат соңында тараптар тәжірибе алмасу және елдердің орталық сайлау комиссиялары бағыты бойынша өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version